20 Сәуір, Сенбі

Жаңалықтар

Елімізде ректорлар енді 3 жылға ғана тағайындалады.


Елімізде ректорлар енді 3 жылға ғана тағайындалады. Бұл туралы ҚР Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Atameken Business арнасының «Эксклюзив» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Министрдің сөзінше, енді ректорларды тағайындауда студенттердің де дауысы ескеріледі.

«Біз өмір бақи отырып қалатын ректорлар моделінен кетеміз. Ректордың 3 жылдағы міндеттемелері анықталады. Ректорлыққа келетін талапкерлер арнайы кадрлық резервтен өтуі керек. Арнайы оқу керек. Сондай-ақ, ректорларды тағайындайтын комиссия жұмысын өзгертеміз. Бізде мемлекеттік жоғары оқу орындары азайып келе жатыр. Біз бөлмейміз. Негізгі білім сапасын көтеретін ректорлар. Оның энергиясына, жауапкерлішігі мен тазалығына қатысты», – деді министр.

Айта өтейік, елімізде 119 жоғары оқу орны бар.