20 Сәуір, Сенбі

Жаңалықтар

178 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ


«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды.

Республикалық комиссия шешімімен биылғы жылдың үшінші легінде стипендия 178 адамға тағайындалды. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.

«Болашақ» стипендиясының иегерлері әлемнің 20 мемлекетінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді. 93 адам АҚШ-тың, 47 адам Ұлыбританияның және т.б. елдердің жоғары оқу орындарында білім алады.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Басымдық инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға беріледі.

В 2022 жылы стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бағыттар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі