29 Наурыз, Жұма

Жаңалықтар

Мектепке дейінгі білім берудегі жаңа стандарт туралы


Бүгін мектепке дейінгі білім берудің мазмұны мен сапасы мәселелері бағытындағы Оқу-ағарту министрлігінің соңғы бастамалары жайында айтқым келеді.

Бұл тәуелсіздік жылдарындағы мектепке дейінгі білім беру мазмұнын түбегейлі өзгертетін ең үлкен реформа деп айтуға болады.

Биыл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Мемлекеттік стандарты мен үлгілік бағдарламалардың қабылдануы осы мәселедегі басты қадам болды. Баланың барлық аспекті бойынша «толық дамуы» бірінші орынға қойылған. Оның ішінде интеллектуалды, құндылық, әлеуметтік-эмоционалды және физикалық даму бар.

Осы мақсатқа жету үшін стандартта бірқатар өзгеріс бар.

Бірінші. Оқу жоспарының икемділігі кестені және сағат жүктемесін қатаң реттеуді болдырмау арқылы қамтамасыз етілді. Енді мектепке дейінгі ұйымдар еркін күн тәртібін әзірлей алады. Бұл тәрбиешілерге әр түрлі оқыту тәсілдерін қолдануға, минут сайын қатаң кестеге байланбай, күні бойы балалар үшін ойын және оқу жаттығуларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Екінші. Жаңа стандарт «ойын арқылы оқыту» қағидасына негізделген ерте жастағы балаларды дамытудың негізгі әдістемесіне оралуға мүмкіндік береді. Бұрын Үлгілік оқу жоспарларында сағат саны қатаң көрсетілетін. Мұндай әдіс сабақты кесте бойынша мектеп сабақтары сияқты ресми түрде өткізуге әкелді.
Үшінші. Жаңа үлгілік оқу жоспарында біз мұғалімдер мен балалар арасындағы өзара іс-қимылының негіздерін қарастырдық.

Төртінші. Сонымен қатар стандартта балалардың бойына құндылықтарды сіңірудің тәсілдері мен әдістері бар.

Бұл ұлттық, отбасылық құндылықтар, патриоттық сезім, Отанға деген сүйіспеншілік, қоғамдағы мінез-құлық ережелері, қауіпсіздік ережелері және т.б. Тәрбиеші баланы ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінуге, сыпайы және мейірімді болуға, дос болуға, құрметтеуге, көмектесуге, бөлісуге, қызығушылық танытуға, қоршаған әлемді бақылауға, зерттеуге және т.б. үйретеді. Бұл құзыреттің барлығы жетекші елдердің, соның ішінде Финляндия, Гонконг, Эстония, Оңтүстік Кореяның бағдарламаларында нақты көрсетілген.

Дереккөз: https://www.instagram.com/p/Clx17YrqxF_/