25 Сәуір, Бейсенбі

Жаңалықтар

МАЖАРСТАН ЖОО-ЛАРЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА 250 ГРАНТ БӨЛДІ


Мажарстан қазақстандықтарға «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы аясында Мажарстанның жетекші ЖОО-ларында оқу үшін 250 білім беру грантын ұсынатын болады.

Мажарстанда тегін оқу конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау биылғы жылғы 12 желтоқсанда басталып, 2023 жылғы 18 қаңтарға дейін жалғасады. Өтінімдер Egov.kz электронды Үкімет порталы арқылы және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да қабылданады.

Грант мажар тілі курстарынан өту, академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сондай-ақ студенттерге ай сайынғы стипендия төленеді.

Оқу ағылшын және мажар тілдерінде өтеді. Мажар тілін білмейтін қазақстандықтар үшін тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі қарастырылған.

Конкурсқа қатысу үшін негізгі критерийлер:
🔹Бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін - аттестат орташа балының немесе негізгі орта білімі туралы куәліктің және ағымдағы оқу жылы бойынша ағымдағы үлгерімі туралы табель/транскрипттің немесе арнайы орта білімі туралы диплом орташа баллының 5.0-тен 4.0 балына сәйкестігі;
🔹Магистр дәрежесін алуға үміткерлер үшін – бакалавр/маман/дипломы немесе ағымдағы үлгерімі туралы таранскриптің орташа баллының 4.0-тен 3.0 балына сәйкестігі;
🔹Доктор дәрежесін алуға үміткерлер үшін – магистр дипломы немесе ағымдағы үлгерімі туралы табель/транскрипттің орташа балының 4.0-тен 3.0 балына сәйкестігі;
🔹Ағылшын тілінде оқу үшін кемінде IELTS 9.0-дан 5.5, TOEFL 120-дан 46 деңгейдегі қолданыстағы сертификаты болу тиіс.