19 Сәуір, Жұма

Жаңалықтар

Мұғалімдердің сағаты көбейтіледі


Биылдан бастап 1-сынып оқушылары тек қазақ тілін оқып жатыр. Орыс тілі мен ағылшын тілі оқу бағдарламасына 2-ші және 3-ші сыныптарда қосылады. Бұл туралы арнайы брифингте Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Айтуынша, математика, физика, химия, биология пәндерінің сағаттары көбейтіледі. Сондай-ақ, оқу бағдарламалары да жаңартылады. Мұғалімдерге қосымша курстар ұйымдастырылмақ. «STEM» білім беру тәсілдеріне негізделген жаратылыстану-математика пәндерін оқытуды күшейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 10-11 сыныптардағы ағылшын тілі сағатын көбейтуге баса мән беріледі.

2024 жылдан бастап 3-сыныпта екі-ақ сабақ болатын болса, 3-сыныпта 3 сабаққа дейін көбейтеміз. Бұл халықаралық талаптарға сай болады. Және 10-11 сыныптарда қазіргі уақытта 3 рет сабақ болатын болса, енді 5 күндік форматта ағылшын тілі күнде күнде болатын болады, деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов. 

 

https://halyq-uni.kz/news/9562-mug-alimderdin-sagattary-kobeitiledi-aimagambetov-zhagymdy-zhanalygyn-aitty/