19 Сәуір, Жұма

Жаңалықтар

Министр бейресми білім беруді сертификаттауды ұсынды


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Адами капитал - жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» форумында бейресми білім беру туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өмір бойы оқыту тұжырымдамасына ерекше назар аудару керек. Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылы өмір бойы оқыту тұжырымдамасы қабылданып, қазір негізгі ережелерін практикалық іске асыру мәселесі тұр, - деді ол. 

Министр атағандай, Жаһандық ауқымда бұл тұжырымдама жаңа нормаға айналып отыр және Қазақстан бұл үдерістен қалмауы тиіс.

Жоғары білім беру жүйесінде, сондай-ақ қоғамда да бейресми білім үйретудің жаңа мәдениетін қалыптастыруға тиіспіз. Бүгінде дәстүрлі Білім, тіпті оқу кезінде де тез ескіреді. Сондықтан білім серпінді, ашық және бейресми сектормен тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін бейресми білім беруді сертификаттаудың толыққанды жүйесін қалыптастырып, дамытуды ұсынамын, - деді ол.

Саясат Нұрбек атағандай, микро біліктілік практикасын белсенді енгізу қажет.

Азаматтарға оқудың түрлі нысандары арқылы, соның ішінде жаппай ашық онлайн-курстар арқылы жаңа білім, дағдылар мен құзыреттер алу мүмкіндігін беру қажет деп санаймын, - деді ол.

https://baq.kz/ministr-beyresmi-bilim-berudi-sertifikattaudy-usyndy-285837/v