05 Шілде, Сейсенбі

Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиадада 72 медаль жеңіп үлгерді


Оқушыларымыз Дүниежүзілік гимназиадада 72 медаль жеңіп үлгерді. Оның 28-і алтын, тағы 28-і күміс және 16-сы қола.

Оқушыларымыз таеквондо, жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, спорттық гимнастика, садақ ату, бокс және әйелдер күресінен өткен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Қазақстандық білім алушылар мектеп оқушыларына арналған Дүниежүзілік гимназиадаға алғаш рет қатысып отырғанын еске сала кетейін.

Бүгін Нормандияда жарыстың соңғы күні өтеді. Командаға күш-жігер, қайрат және жаңа жеңістер тілеймін. Біз сендерді мақтан тұтамыз!