21 Желтоқсан, Сенбі

Пайдалы

Кофені ең көп өндіретін 10 ел


Әлемде офиста жұмыс істейтін жұмысшылардың басым бөлігі жұмысты кофе ішумен бастайды. Кофе қалада кез-келген кішкентай дүкендерде сатылады, яғни кофе әлемдегі өтімді өнімдердің бірі екені қазіргі таңда таң қалдыратын жаңалық емес.

Кофе су мен шәйдан кейін ең көп ішілетін сусын болып табылады. Сондықтан да кофе дәнін өсірумен айналысатын елдер, жылына қаншама мыңдаған тонна кофе өндірсе де, барлық өнімін өткізе алады.
Кофе мұнайдан кейінгі ең көп сатылатын өнім және жобамен жылына жарты триллион шынаяқ ішіледі екен. Кофе тек ішу үшін ғана қолданылмайды, сонымен қатар сусындарға (мысалы Кола) кофеин ретінде, фармацевтикалық препараттарда, косметикада және т.б салаларда қолданылады.

Төменде келтірілген 10 мемлекет статистика бойынша 2014 жылы кофені ең көп өндірген елдер.

10) Гватемала
Гватемала 2014 жылы 210 000 тонна кофе өндірген және соңғы жылдарда бұл елде кофе өндірісі бір қалыпты ұстап тұр. Ауа райы 16-32°C арасында ауысып тұратын, теңіз деңгейінен 500-500 метр жоғарыда орналасқан Гватемала елі үшін кофе өндіріс кең танылған.
Гватемалада кофе өніміне мемлекеттің өзі демеуші болған. Кофе өндірісімен айналысатындарға салық жеңілдігі сияқты түрлі жеңілдіктер ұсынылған. Anacafé (Asociación Nacional del Café - Ұлттық Кофе Ассоциациясы) саудалық ассоциациясы құрылып ұлттық кофе өнімін бүкіл әлемге саудалайды.

9) Уганда
Уганда Республикасы 2014 жылы 240 000 тонна кофе өндірген, бұл Орталық Африканың ең табысты өнімдерінің бірі болып табылады. Угандада кофенің арабика (араб кофесі) және робуста деп аталатын түрлері өндіріледі.
Кофе Уганда мемлекетінің экономикасының үлкен бір бөлігі және халықтың басым бөлігі кофе өндірісінде жұмыс жасайды.

8) Мексика
Мексика 2014 жылы 240 000 тоннадан аса кофе өндірді. Бұл елде сапалы араб кофесі өндіріледі.
1990 жылдары Мексиканың кофе өндірісінде дағдарыс болды. Сол жылдары әлемде кофе бағалары басқарылмай, Мексика әлемдік нарықта бәсекелестікке жарамсыз болып қалды. Бұл кофе дағдарысы Мексиканың экономикасына және әлеуметтік тұрақсыздыққа алып келді.
1990-2000 жылдар арасындағы дағдарыстан кейін, 2000 жылдардан кейін АҚШ тарапынан Мексикаға кофе сұранысы біртіндеп арта бастады осының арқасында Мексиканың кофе өндірісі қайта жандана бастады.
2005 жылы 100 000 тоннадай кофе өндірген Мексика, 2014 жылы 240 000 тонна кофе өндірді.

7) Гондурас Республикасы
Гондурас Республикасы 2014 жылы 279 000 тонна кофе өндірді. Бұл көрсеткіш 2011 жылға қарағанда әлдеқайда аз, бұл мемлекет 2011 жылы 354 180 тонна кофе өндірген болатын.
Өндірістің бұлай құлдырауы Гондурас Республикасының кофе өндірісінде ұлттық брендтің болмауымен түсіндіріледі. Кофе өндірісі Гондурас Республикасының экономикасының елеулі бөлігін құрайды және бұл ел Орталық Америкадағы ірі өндірушілердің бірі.

6) Үндістан
Кофе өндірісі туралы әңгіме қозғалғанда Үндістан бұл өндірісте алдыңғы қатарларда екені ешкімнің ойына келе қоймауы мүмкін. Кино индустрияда танымал үнді елі кофе өндірісінде де артта емес.
Бұл ел 2014 жылы 344 760 тонна кофе дәнін өндірді және бұл тізімде алтыншы орында тұр.

5) Эфиопия
Негізі Эфиопия кофе дәнін жылда көп өндіретін елдердің қатарында. 2014 жылы 397 500 тонна кофе дәнін өндірді. Эфиопия кофенің Арабика деп аталатын танымал түрінің географиялық отаны болып табылады. Эфиопия кофесі теңіз деңгейінен 1100-2100 метр жоғарыда және 20-25 градуста өседі. Кофе өндірісі Эфиопия мемлекетінің экономикасының біраз бөлігін қамтамасыз етеді, орта есеппен 15 млн халық кофе өндірісінде жұмыс жасайды.
Эфиопияның орталық және оңтүстік аймақтарында Сидамо деп аталатын кофе өндіретін аудандар бар. Осы аудандарда өндірілетін кофе дәндері ең сапалы, әрі ароматты болып есептеледі.
Эфиопияда өндірілетін кофелерден харрар және жимма деп аталатын түрлері өте танымал.

4) Индонезия
18 000 үлкенді кішілі аралдардан құралған Индонезия аралды мемлекеті де кофе өндірісінде алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Бұл ел 2014 жылы 540 000 тонна кофе дәнін өндірген. Елдің географиялық орны және таулы ландшафт кофе өндірісінде таптырмас климаттық жағдай жасауда. Индонезияда өндірілетін кофенің 90 пайызын рабуста, қалған 10 пайызын арабика, либерика және т.б түрлері құрайды.

3) Колумбия
Бәлкім 20 ғасырдың ортасында Колумбияның Ұлттық Кофе Федерациясының демеуімен жасалған жарнама әсер етуі болар, қазіргі таңда Колумбия кофесін елдің басым бөлігі біледі.
Соңғы жылдары ауа-райы Колумбияның кофе өндірісіне кері әсерін тигізуде. Десек те Колумбия 2014 жылы 750 000 тонна кофе дәнін өндірді және кофе өндірісі әлемінде өз орнын сақтап қалуда.

2) Вьетнам
Вьетнам кофесімен де көп адамдар таныс шығар. Вьетнам кофе өндірісінде екінші орында тұр. Бұл ел 2014 жылы 1 650 000 тонна кофе өндірген.

1) Бразилия
Футболшылар мен модельдердің Бразилия мемлекетінен көп шығатынын білетін шығарсыз. Сонымен қатар Бразилия кофені ең көп өндіретін және экспорттайтын мемлекет болып табылады.
2014 жылы Бразилия 2,720,520 тонна кофе дәнін өндірген. Бұл әрине жаңалық емес, өйткені Бразилия кофе дәнін өндіруде соңғы 100 жылда алдыңғы қатардағы елдердің бірден бірі.
Кофе егілетін алқаптар көбінесе Минас-Жерайс, Сан-Паулу, Парана және елдің оңтүстік-шығысындағы шаттатарда орналасқан. Аталмыш жерлердің климаты кофе өндірісіне өте қолайлы. Жалпы алғанда Бразилияда кофе өндіретін алқап 27 000 шаршы шақырымнан асып кетеді.