21 Желтоқсан, Сенбі

Әдебиет

Әдеп, тәрбие туралы мақал-мәтелдер жинағы - (02)


Бала тәрбиесі бесіктен.

 

Қар қылаумен өседі,
Бала сылаумен өседі.
Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын.

 

Тұңғышыңды дұрыс үйретсең,
Соңғылары өздері үйренеді.

 

Алдыңғы арбаның доңғалағы қайда жүрсе,
Соңғы арбаның доңғалағы сонда жүреді.

 

Ағадан - ақыл, атадан - нақыл.

 

Ізет - ініден, әділдік - ағадан.

 

Мейірімділікті анадан үйрен,
Әділдікті данадан үйрен.

 

Аяз би әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл.

 

Әкесі ұлын ұрып, түзетеді,
Анасы қызын ұрып, жүдетеді.
Аз-аздан үйреніп дана болар.

 

Дұрыс қанаттанған түзу ұшар.

 

Балаға өз тіліңмен сөйлеме,
Өз тілімен сөйле.

 

Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.

 

Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең.

 

Балаға байқап сөйлесең, ақылыңа көнер,
Байқамай шет сөйлесең, көп ішінде өлер.

 

Көш жүре түзелер.

 

Әркім өз бойына тон пішеді.
Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.

 

Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес.

 

Ана сүтімен бітпеген қасиет
Тана сүтімен сіңбейді.

 

Әдептілік - әдемілік.

 

Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.

 

Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал артық.
Әдепсіз аяқ боқ басар.Әдеп әдет емес, жөн - әдет.
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар.

 

Тозаң басқан құдық та бір,
Тозығы жеткен ғұрып та бір.
Ағаштан ағаш сәнін алады,
Адамнан адам тәлім алады.
Жақсыға ізет,
Жаманды күзет.
Ас ішсең, аяғыңды жина.

 

Үйге кіргенде дыбыс қыл,
Ентелемей дұрыс кір.

 

Бір адамға қадірің жүрмесе,
Екі адамға күлкі боларсың.

 

Үйден ұзап шықсаң,
Қатыныңа қадірің артады.

 

Ауылдан ұзап шықсаң,
Жақыныңа қадірің артады.

 

Өз қадірін білмеген,
Қадірлінің қадірін білмес.

 

Болмасаң да ұқсап бақ.Қадіріңді білмегенге қадіріңді кетірме.

 

Бүгінгі ашуыңды ертеңге қалдыр.
Тақиялы бас талайды көреді.

 

Кісі есігі - темір (тоң) есік.


 

Тәтті өмірдің сұрауы қатты.

 

Тек жүрсең - тоқ жүресің.

 

Гүл бар жерде тікен бар.
Отырған адам үйге кіргенге орын берер.

 

Қамысты бос ұстасаң қол кесер.
Ине өткен жерден жіп те өтеді.

 

Құрмет етсең - құрмет көресің.
Бас - тымақтың үлгісі.

 

Сұрағаннан берген артық.
Шүкіршілік қылғанның ырысы артық.

 

Біреу білмегенді біреу біледі,
Біреу жылайтынға біреу күледі.
Бес саусақ бірдей емес.

 

Тәттінің дәмсізі, балдың уы бар.
Алтын мен күміс, әманда, таспен бірге жатады.

 

Ағадан қалғанды іні киіп өседі,
Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі,
Көрмегендерін ойына түйіп өседі.

 

Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен болмаса, кішіден сұра.Отының болмаса, көршіден сұра,
Өзің білмесең, кісіден сұра.

 

Көрегенді көнеден сұра,
Көне білмесе, көп жүргеннен сұра.

 

Көргенді кісі көргенін айтар,
Көргенсіз кісі бергенін айтар.

 

Көргені бар көргенін істейді,
Көргені жоқ ойына келгенін істейді.
Көз көруге, құлақ естуге тоймайды.

 

Көргенсіз десе кек тұтпа,
Көргеніңнен көрмегенің көп.
Көргенсіз дегенге ашуланба,
Көрмей білмейсің.

 

Көрген көргенін істейді,
Көсеу түрткенін істейді.
Көрмегенге көсеу таң.

 

Көп жасаған білмейді,
Көп көрген біледі.

 

Көргеннен көрмегенің көп,
Білгеннен білмегенің көп.

 

Сыпырғышың жаман болса, шаңға өкпелеме.

 

Қатаң болсаң, қашады,Босаң болсаң, аяққа басады.

 

Адасқанды артындағысы біледі,
Жаңылғанды жанындағысы біледі.

 

Бұрынғының адамынан ақыл сұра,
Бұрын қонғаннан қоныс сұра.

 

Тазалық - иманның жартысы.

 

Қарғыстың ең жаманы -
Өзің білме, білгеннің тілін алма.

 

Өзіңнен бір жас үлкеннен ақыл сұра.

 

Май пілікті көмсе, шам сөнеді.

 

Елгезек екі айтқызбайды.
Ауру қалса да, әдет қалмайды.

 

Сүйекпен кірген мінез сүйекпен кетеді.

 

Ескі киімді баптағаның -
Жаңа киімді сақтағаның.

 

Бір елі ауызға екі елі қақпақ.

 

Отқа салып ерітсең де,
Алтын, сірә, жез болмас.


 

Аяққа шұлғау қылсаң да,
Асыл жібек бөз болмас.

 

Қазаннан қара нәрсе жоқ,
Ассаң, қарын тойдырар.

 

Қардан аппақ нәрсе жоқ,
Ұстасаң, қолды тоңдырар.

 

Ауру емес, сау емес,
Мінезді қалай жазамыз?

 

Өнегенің өрісі кең.

 

Өзі жығылған өкінбес.

 

Тайып жығылған таянып тұрар.

 

Пышағыңды өткір қайра,
Не кесеріңді білмесең.
Көрінгенге сырыңды айтпа,
Не десеріңді білмесең.

 

Түкіргеннің де түбі бар.

 

Бұрау, бұраудың түбі - сұрау.

 

Жыраққа қойсаң, жаныңнан аларсың.

 

Қабағанға қаптырма,
Тебегенге тептірме.

 

Шам жарығы түбіне түспейді.

 

Үлкеннің әмірі уәжіп.

 

Жаза баспас қадам жоқ,
Жаңылмайтын адам жоқ.
Қолдан Құдай жасалмайды.

 

Өрттің өзінен бұрын түтіні көзге түседі.
Кісі айыбын ашқаннан жапқан кісілік.

 

Ақылдан жақын дос бар ма?

 

Ашудан жаман қас бар ма?

 

Жиырма бестен артық жас бар ма?
Қымыздан дәмді ас бар ма?

 

Дарияға ат салмай тұрып өткелін тап.

 

Тікен де гүлін қорғайды.
Екі аяқ бір етікке сыймайды.

 

Қыста жалаңаш жатпа,
Жазда өзің білесің.

 

Шыбынға шоқпар көтермес болар.

 

Өткендерін ескерген - Өскендіктің белгісі.

 

Өткендерін ұмытқан - Өшкендіктің белгісі.

 

Жақсылықтың үлгісі - Жанып тұрған шамдай.

 

Шешеннің сөзі - Ағып тұрған балдай.

 

Ескі темір біз болмас,
Ескі мата бөз болмас.

 

Оң қолың сол қолыңа арашашы болсын.

 

Үлкен үйдегі күлсе,
Кіші үйдегі езу тартар.


 

Кетпеннің басын бассаң,
Сабы өзіңе тиеді.

 

Тасты бассаң кетілер,
Сазды бассаң жетілер.

 

Әр елден келін келер,
Әр түрлі ырым келер.

 

Ырысңа қарай ұл өсер,
Ананы көріп қыз өсер.

 

Қызды асырай алмаған күң етер,
Ұлды асырай алмаған құл етер.

 

Қарағайға қарай тал өсер,Қатарына қарай бала өсер.Таршылық адамды шынықтырады,
Баршылық адамгершілікті ұмыттырады.Таршылық болмай, кеңшілік болмайды.

 

Ана алдында - құрмет,
Ата алдында - қызмет.

 

Жасы кіші ініні
Ақылы асса, аға тұт.

 

Жасы үлкен ағаны
Жақсы сыйлап, жаға тұт.

 

Жақсыға құрмет - Жас жаранға міндет.

 

Ескі киім - жаңа киімнің қорғаушысы.

 

Жоқ табылмайды емес,
Іздеуі жетіспейді.

 

Адам бермейді емес,
Сұрауы жетіспейді.

 

Қанаттыға қақтырма,
Тұмсықтыға шоқытпа.
Ұлы - ұрымға, қызы — Қырымға.

 

Еменді и, иілетін кезінде,
Баланы үйрет, үйренетін кезінде.

 

Болат қынға тоқтайды,
Тентек көпке тоқтайды,
Жомарт жоққа тоқтайды.

 

Салтын білмеген сауапты түсінбейді.Жаңылмайтын жан жоқ,Сүрінбейтін тұяқ жоқ.

 

Үлкен иманды болса,
Кіші ибалы болады.

 

Қостың кішісі болғанша,
Иттің күшігі бол.Істегенің маған жақсы,
Үйренгенің өзіңе жақсы.
Әдеп бастауы - тәрбие.

 

Ескіні еске алмай, жаңа жадыңа түспейді.
Атаңа не істесең, алдыңа сол келер.

 

Жаман деген атпен жасағанша,
Жақсы деген атпен жаныңды қи.
Жақсы атағыңды жоғалтқанша,
Жұлыныңды үз.

 

Құдай сұлу етпесе, бәрі бекер,
Опа-далап бүгін жаққан ертең кетер.

 

Қанағат қарын тойғызар,
Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар.

 

Сомсынғанға балға бар,
Қомсынғанға Алла бар.

 

Тәрбие - тәртіптің құлы,
Тәртіпті - елдің құлы.

 

Балаңды беске дейін патшаңдай сыйла,
Он беске дейін құлыңдай жұмса,Он бестен асса, жан досыңдай құрметте