28 Наурыз, Бейсенбі

Әдебиет

Ас туралы мақал мәтелдер - 1


Ағайын тату болса ат көп,

Абысын тату болса ас көп.

 

Аздың атасы бір,

Көптің батасы бір.

 

Жалғыз үйдің тамағы жетсе де,

Табағы жетпес.

 

Ас иесімен тәтті.

 

Асың болса досың көп.

 

Ас барында дос жоқ,

Ат барында той жоқ.

 

Су анасы – бұлақ, сөз иесі – құлақ,

Жан тәнге қонақ, іздегені тамақ.

 

Асты қорлама құстырар,

Ерді қорлама састырар.

 

Ас – адамның  арқауы.

 

Ет етке, сорпа бетке.

 

Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

 

Ас атасы – нан.