05 Желтоқсан, Бейсенбі

Әдебиет

Неге журналистика


Неге журналистика?

 

Армансыз пенде болмасы анық.Сол секілді әрбір жас жеткіншек бала шағында болашағында кім болатынын армандайды.Мен де ойын баласы шағымда әр қиялдың жетегінде жүретінмін. Арманда шек бар ма?! Әрине,болашақ мамандықты таңдау оңай шаруа емес. Журналистиканы бала кезімнен ақиқатты айтушы мамандық деп елестеттім. Адам өмірде екі нәрсені таңдағанда қателікке жол бермегені жөн: бірі-өмірлік серік болар жар таңдағанда,екіншісі- өміріне көрік болар мамандық таңдағанда. Мен өз болашақ мамандығым ретінде ұлы кемеңгер, дана Абай атамыздың:«Болмасаң да ұқсап бақ » -деген сөзін мәйек етіп, өңірімнен түлеп шыққан журналистердің салған сара жолымен ұлт жанды, көзі ашық, көкірегі ояу қазақтың азаматы болып, еліме- адал қызмет етіп елдің үкілеген үмітін ақтар, халық сөзін сөйлер журналист болуға бекіндім. Және де дұрыс шешім қабылдадым деген ойдамын.Журналистика- қызығы мен қиындығы қатар жүретін, көп ізденіс пен мол білімді қажет ететін сала. Жазған мақалаңның мықтылығына әріптестеріңмен ұжым басшыларының көзі жетуі үшін, оқырманның ойынан шығуы үшін жазған шығармаларыңның қозғар өзекті тақырыбы қандай болуы шарт? Қалам ұстағанның бәрі дерлік ел жадында қаларлықтай жақсы журналист атана бермейтіні де, осы аталмыш мамандықтың қиындығын әйгілері ақиқат. Ендеше жақсы журналистке қандай қасиет тән? Нендей талаптың үдесі қажет? Ең алдымен адалдық және де « Бал тамған өтіріктен, қан тамған шындық керек »,- демекші шынайылық керек. Қазіргі заман талабына сай қазақ журналистеріне тән ең басты қасиетті ғалым Н.Омашев «...Ең әуелі алдындағы ақ қағазға ,қаламға адалдық керек: қарақан басының қамынан гөрі ел мүддесі, халық тағдыры, Отанның бүгіні мен келешегі қашанда бірінші тұруы басты талап»,-дейді. Ел жұрттың жайын өткір шыншылдықпен айта білуде жеткіліксіз, дегенмен журналистің қайығын жағаға жеткізуге ұшқарлылық, білімі,өмір тәжіребиесі, дарын керек. Осының бәрі бір арнаға тоғысқан да ғана журналистің жазғаны барша оқырманның назарына еріксіз шалынады, оқылады. Бұл мамандықты таңдаудағы басты мақсатым: ой еркіндігі мен сөз бостандығына қол жеткізіп,бүгінгідей мәңгүрттік дерті саналарды улап жатқан қоғамда,бұқара жүрегіне жылу сыйлап, журналистиканың жілігін шағып, майын ішетін нағыз «төртінші билік» иесі, білікті маман болу. Сонымен қоса қазақ журналистикасының әлемдік деңгейге көтеріліп, өзгелермен «терезесі тең дәрежеге» жетуіне тамшыдай болса да өз үлесімді қосу. Әрине,қаламы қарымды,жан-жақты,дарынды журналист болу оңай емесі анық. Олай болса шырылдап шындықты айтып,жақсылыққа жаршы,хабаршы болу- бүгінгі күннің тілшісінің басты міндеті деп пайымдаймын.

    Бала кезімнен кітап оқуға құмар болдым. Үздік туындыларды оқи отырып, оқиға желісін көркем суреттеген жазушылардың шеберлігіне қызықтым. Осы қызығушылық мені журналистикаға алып келді.Меніңше журналистің мәртебесі кәдімгі көше сыпырушымен бірдей. Себебі, даланы қоқыстан тазарту – сыпырушының жұмысы болса, қоғамды ақпараттандыру – журналистің қызметі. Сондықтан, біздің мәртебеміз өзге мамандықтармен тең. Кейбір журналистерде «бізге теңдік керек, тегін үй берілсін» деген түсінік қалыптасқан. Олай болса, көше сыпырушылар да өз құқықтарын талап ете алады. Әркім өз ризығын асықпай барлығымен тең алуы керек. Журналистерге ерекше мәртебе берілуі тиіс деп ойламаймын. Оның өзгелерден еш артықшылығы жоқ.

 

 Қалам ұстаған қауымға бұл күлкілі естіледі. Көпшілігі журналистиканың өз тұғырына қона алмай жатқандығын тілге тиек етеді. Мұндай пікірімен келісуге болады. Оның бірқатар себептері бар. Бір ұшы кешегі кеңес өкіметі кезіндегі цензураға тиеді.   

   Журналистер еркін шығармашылықпен айналыса алмады. Қоғамдық пікір де тек бір сарында болды. Айналып келгенде барлығы биліктің қас-қабағына қарады. Осы жалтақтық кейбір БАҚ-та әлі күнге дейін бар. Шындықты шырылдатып жазбаған кейбір басылымдар журналистиканың мәртебесіне кедергісін келтіріп келеді.Қазіргі таңда азаматтық журналистика, жаңа медиа бағыты қарқын алып барады. Жалпы интернетті әлем ақпарат құралы ретінде мойындап қойған. Өйткені бүгінде жұртшылық БАҚ-қа қарағанда ғаламторды көбірек ақтарады. Блогшылар қауымының жазғаны баспасөзге басылған мақалалардан кем түсіп жатқан жоқ. Мен де «менің қолтаңбам!» деп айтуға тұрарлық дүние қалыптастыру бағытында еңбектемін деп ойлаймын.  

     Журналистиканың қоғамдағы мәртебесін көтеру үшін, алдымен журналистерге билік тарапынан әлеуметтік, материалдық тұрғыда көмек көрсетіліп, «журналист» деген мамандыққа мемлекеттік мәртебе берілуі қажет деп есептеймін.

     Болашақта өз көрген білгендерімді, өмірден түйгендерімді халықтың жүрегінен жол табар, жанына серік болар сұхбат бағдарламаларын ашқым келеді.Мысалы,халық пен биліктің арасын жақындататын бағдарламалар көбірек ашылса екен және адамдар кешке қарай демалған уақытта теледидар қарайды, сол кезде ойын-сауық бағдарламар,пайдалы кеңес беретін бағдарламалар, және жасөспірімдерге,жас-жеткіншектерге табиғатқа сүйіспеншілігін арртыратын бағдарламар көбейсе екен деп ойлаймын. 

    Журналистика қашанда адамгершілікпен, көркемдік түсінікпен тығыз байланысты. Журналист менің өз ойымша -өзін-өзі ұстауы мен әрекеті арқылы өзгелерге үлгі – өнеге болғаны жөн деп түсінемін.

   Жұртпен тіл табыса алуы да керек,әрқашан ұстамды,өзін әдепті,сабырлы ұстап, қашан да жинақы болуы қажет.Журналист шығармасын жазғанда өзге адамдарға түсінікті қылып жазу керек.Жазылған шығармасы оқырманның жүрегінен орын таба білу керек. Журналистиканы «Төртінші билік» деп жатамыз. Яғни, журналистика халықтың еркімен билігіне иелік жасайды.Журналист бізді ойландыратын, өмірдің әр тұсын көрсетеді.журналистер міндеті- еліміздегі және шет елдерінде болып жатқан ақпараттарды уақытында және сапалы түрде халыққа жеткізу.