17 Сәуір, Сенбі

Әдебиет

Сұлулық туралы ұлағатты сөздер


Сұлулықтың салтанаты да гүлдің күніндей қысқа болады.
Әл – Хорезми

Сұлулықтан да зекет алу керек.
Әл - Хорезми

Сұлулық барлық нәрседе бар. Бірақ оны барлық адам көре алмайды
Конфуций

Болған шақтың өз сұлулығы бар, өз қызуы ұшқырлығы бар.
Ғабит Мүсірепов

Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.
Ғабит Мүсірепов

Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу - ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы.
Ғабит Мүсірепов

Ақыл - ой ұшқырлығы сұлулықтың орнын толтыра алады.
Клод Гельвеций

Ақылға сындарлы ой қандай қажет болса, тәнге сұлулық та сондай қажет болады.
Франсуа де Ларошфуко

Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі — сергек әрі жайдарман көңіл күйі.
Кристофер Якоб Бустрём

Қарапайымдылық — моральдық сұлулықтың басты шарты.
Лев Толстой

Сұлулық деген - бақытты уәде ету.
Стендаль Фредерик

Балғын шақтың өз сұлулығы бар, өз қызуы, ұшқырлығы бар.
Ғабит Мүсірепов

Егер көбелектің сұлулығын сезінгің келсе, оған қол тигізбе.
Пабло Пикассо

Адам бойындағы әсемдік пен сұлулықты, организм мен денсаулықты ұштастыра дамыту жөніндегі түсініктен бөліп қарау ақылға сыймайды.
Николай Чернышевский

Сұлулық әлемді құтқарады.
Федор Достоевский

Әйелдің естілігі жеңсе - сұлулығы да арта түседі.
Ғабит Мүсірепов

Өлеңнің жаны - сұлулық.
Сағатхан Әшімбаев

Тән сұлулығы қартаяды, жан сұлулығы қартаймайды. Тән сұлулығы мезгілге тәуелді, жан сұлулығы мезгілге тәуелді емес, өзіне өзі тәуелді.
Бөкен би

Сұлулық – жүрек кілті.

Адам тәнінің сұлулығы саулығында