04 Желтоқсан, Сәрсенбі

Ақын-жазушылар

Құлтөлеу Мұқаш
Мұқаш Құлтөлеу - жазушы, қаламгер.

Автор туралы


Мұқаш Құлтөлеу - жазушы, қаламгер. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 1959 жылы 25-қарашада Қарағанды облысына қарасты Ақшатау кенішінде туған. Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

Еңбек жолы

Еңбек жолын туған жеріндегі шахталардан бастады. Совет Армиясы қатарында қызмет еткен. Әр жылдары Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, «Қарағанды жастары» газетінде бас редактордың орынбасары, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Қазақстан мектебі» журналы бас редакторының бірінші орынбасары, «Қазақстан» Ұлттық арнасында бас редактор қызметтерін атқарған. Қазір республикалық «Қазақ үні» газетінде бас редактор болып қызмет еткен.

Еңбектері

«Біз білмейтін Құдайберген» («Тамаша» тарланы Құдайберген Сұлтанбаев жөнінде), «Хан Кене рухы», «Мәнер», «Әуестік әлемі» сияқты танымдық-публицистикалық кітаптардың, сондай-ақ «Сенің терезең», «Боз жауын», «Ақдариға» әңгіме-хикаят жинақтарының, «Ұзақ бұралаң жол» (Бұл кітап «Долгая дорога домой» деген атпен орыс тілінде де шықты), «Салбыруын» роман-эсселерінің авторы. Француз жазушысы Луи Жаколионың және Джек Лондонның бірқатар дүниелерін тәржімалаған. Сол секілді Олжас Сүлейменовтің «Таңбалар тілі» еңбегін ана тілінде сөйлетті.

Марапаттары

ҚР Мәдениет қайраткері.

Автордың туындылары