Ақын-жазушылар
Қастек Баянбай (15 қараша 1936 жыл, Алматы облысы Алакөл ауданы Талдыбұлақ) - балалар жазушысы, ақын.
Автор туралы
Қастек Баянбай (15 қараша 1936 жыл, Алматы облысы Алакөл ауданы Талдыбұлақ) - балалар жазушысы, ақын.
Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971 — 1995 жылдары «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасында Бас редактор қызметтерін атқарған.
Еңбегі
Балаларға арналған «Арғымақ» атты алғашқы жинағы «Жазушы» баспасынан жарық көрген. Өлеңдері бастауыш сынып оқулықтарына, көмекші құралдарға еніп, кейбіріне әндер жазылған, ертегілері бойынша мультфильмдер түсірілген, орыс, украин, белорус, өзбек, болгар, молдован, түрікмен, әзірбайжан, литван және басқа тілдерге аударылған.
Аудармалары
Бельгия ақыны Э.Верхарнның, болгар ақыны Л.Левчевтің, орыс ақындары С.Михалковтың, А.Бартоның, Р.Рождественскийдің, З.Александрованың, якут ақыны С.Даниловтың, түркімен ақыны Қ.Тәңіріқұлиевтің, молдован ақыны Г.Виерудің және тағы басқа ақындардың туындыларын қазақшалаған. Екі томдық «Орыс поэзиясының антологиясын» аударуға қатысқан.
Жетістіктері
1986 жылы «Тәтті сабақ» жинағына I.Жансүгіров атындағы сыйлық берілген. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Құрмет Грамотасымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2005) марапатталған.