21 Мамыр, Сейсенбі

Ақын-жазушылар

Әлсейіт Ақпанбетұлы

Әлсейіт Ақпанбетұлы (1943. Қызылорда облысы Сырдария ауданы)– жазушы.

Автор туралы


Әлсейіт Ақпанбетұлы (22.7.1943. Қызылорда облысы Сырдария ауданы)– жазушы.

Өмірбаяны

Қызылорда педагогикалық институтын бітірген (1966).

1966-73 жылдары Сырдария ауданындағы орта мектептерде мұғалім, аудандық оқу бөлімінде әдіскер.

1973-77 жылдары "Мектеп" баспасында редактор.

1977-81 жылдары қазақ КСР оқу министрлігінде инспектор, Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми зерттеу институтында;

1981-90 жылдары Қазақ радиосында

1991 жылы "Балдырған", "Айгөлек" журналдарында қызмет атқарған.

ҚР Білім беру ісінің үздігі.

Шығармалары

Алғашқы өлеңдері 1964-65 жылы өлкелік "Оңтүстік Қазақстан", облыстық "Ленин жолы" газеттерінде жарияланды.

"Тұңғыш кітап" (1977)

"Бал дәмі" (1980)

"Hұp жауған күн" (1984)

"Той үстінде" (1988)

"Қатын қашқан" (1994) атты өлеңдері мен әңгімелері, хикаялары бар.

Жазушының "Түнгі көбелек" трагикомедиясы 1998 жылы Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында, "Дүние-думан" комедиясы 2001 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылды.

Автордың туындылары


Қырсық

Түс

Қоңыр күрте