Ақын-жазушылар
Автор туралы
Куприн Александр Иванович (07. 09. 1870, Пенза губ., Наровчат қаласы — 25. 08. 1938, Ленинград) — орыс жазушысы. Балалық жастық шағы Москвада өтті.Разумов пансионында (1877–1880), жабық әскери оқу орындарында (1880–1890) оқыды. Куприн алғашқыда лирикалық сатиралық өлеңдер («Kaтковқa ода» 1886, «Түстер». 1887 т. б.) жазды. Куприн 1894 жылы әскери қызметтен кетiп, әдеби жұмыспен бiржола айналысты. «Пират әйел» (1895), «Миллионер» (1895), «Керемет дәрiгер» (1897) т. б. әңгiмелерiнде езiлген халықтың өмірін шын-шылдықпен суреттедi. Куприн — үлкен реалист суретшi, орыс тiлiнің асқан бiлгiрi. Оның көптеген тамаша шығармалары әлем әдебиетінің алтын қорына қосылды.
Ол 1870 жылдың 26 тамызында Пензенск губерниясының Наровчат уездік қаласында шенеунік отбасында, ақсүйек тұқымында, Иван Иванович Куприннің (1834—1871) отбасында дүниеге келген. Ол туғаннан соң бір жыл өткенде әкесі қайтыс болған. Анасы Любовь Алексеевна (1838—1910), туылғанда Кулунчакова, татар князьдері отбасынан шыққан. Күйеуі қайтыс болған соң ол Мәскеуге көшіп кетті. Бұл жерде Куприннің барлық балалық шағы өтеді. Алты жасында баланы Мәскеу пансионына береді. Ол жерден 1880 жылы шығады. Сол жылы Екінші Мәскеу кадет корпусына оқуға түседі.
1887 жылы сәтті аяқтап, Александровск әскери училищесіне кетеді. Куприннің алғашқы әдеби еңбектері оның өлеңдері болды, бірақ олар басылымға шықпады. Алғашқы жарық көрген еңбегі — «Соңғы дебют» (1889) әңгімесі болды.
1893—1894 жылдары петербургтің «Орыс байлығы» журналында оның алғашқы повесі «Впотьмах», әңгімелері «Айлы түнде» және «Тергеу» басылып шықты. әскер тақырыбына Купринде бірнеше еңбектер болды: «Жатақ» (1897), «Түнгі кезекшілік» (1899), «Жорық».
1894 жылы Куприн жұмысынан шығып, еш азаматтық мамандығы жоқ күйінде Киевке келеді. Келесі жылдары Ресейді аралайды. Түрлі мамандықтарды сынап көреді.
1890-шы жылдары «Юзовск зауыты» және «Молох» повесі, «Лесная глушь» әңгімесі, «Олеся» және «Кэт» повестері («Прапорщик армейский»), 1901 жылы — «Оборотень» әңгімесін жарыққа шығарады.
Бұл жылдары Куприн Бунинмен, Чеховпен және Горькиймен танысады. 1901 жылы Петербургке көшіп келеді, «Барлықтарына арналған журналдың» хатшысы болады. Петербург журналдарынла Куприннің әңгімелері пайда болды: «Батпақ» (1902), «Конокрадтар» (1903), «Ақ қанден» (1903).
1905 жылы оның әйгілі шығармасы жарыққа шығады — «Жекпе-жек» повесі, үлкен жетістік әкеледі. Бұл еңбектің пайда болуы ел ордасының мәдени өмірінің мәдени оқиғасына айналды. Сол замандағы басқа шығармалары: «Штабс-капитан Рыбников» (1906), «Өмір өзені», «Гамбринус» (1907), «Севастопольдегі оқиғалар» (1905).
Екі революцияның арасындағы Куприннің шығармашылығы сол заманғы жылдардың жамаң көңіл куйіне кері әсер етті. «Листригондер» (1907—1911), жануарлар туралы ертегілері, «Суламифь» (1908), «Гранаталық браслет» (1911). Оның прозасы орыс әдебиетінің керемет құбылысына айналды.
1915 жылы Куприн өзінің «Ор» повесін аяқтайды, онда ол ресейдің публикалық үйлеріндегі жезөкшелердің өмірі туралы айтады. Бұл повесі сотталып кетеді, себебі сыншылардың ойынша бұл еңбек аса натурализммен жылды.
Гатчинде тұрды. 1919 жылдың күзінде, ақтар келе бастағанда, Солтүстік – батыс әскеріне кетіп қалады. «Приневский край» атты әскери газеттің редакторы болып қызмет атқарады, оны П. Н. Краснов басқарып отырған болатын.